«Тур де Ски»: Анна Шевченко жүлделі орынға іліге алмады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық шаңғышы Анна Шевченко Италияның Валь-ди-Фьемме қаласында өтіп жатқан «Тур де Скидің» масс-старт сайысында жүлделі орынға іліге алмады,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тур де Ски»: Анна Шевченко жүлделі орынға іліге алмады

Отандасымыз бұл сында 16-шы орыннан көрінді. Аталмыш сында норвегиялық спортшы Хейди Венг бас жүлдені жеңіп алса, финляндиялық Криста Пярмякоски екінші орынды, ал аустриялық Тереза Штадлобер үздік үштікті қорытындылады.

Қазіргі таңда, отандасымыз «Тур де Скидің» жалпы есебінде 28 орында келеді.

Шаңғы жарысы, «Тур де Ски», Валь-ди-Фьемме, Италия

Әйелдер

Масс-старт, 10 шақырым

1. Хейди Венг (Норвегия) - 29:07.9

2. Криста Пярмякоски (Финляндия) - +7.6

3. Тереза Штадлобер (Австрия) - +8.6

4. Джессика Диггинс (АҚШ) - +23.6

5. Ингвильд Эстберг (Норвегия) - +35.2

... 16. Анна Шевченко (Қазақстан) - +1:47.4

«Тур де Скидің» жалпы есебі:

1. Ингвильд Эстберг (Норвегия) - 1:48:43.2

2. Хейди Венг (Норвегия) - 1:48:45.0

3. Криста Пярмякоски (Финляндия) - 1:50:16.7

... 28. Анна Шевченко (Қазақстан) - 1:57:24.5