«Тур де Ски» көпкүндігінде қазақстандық шаңғышылар сынға түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Швейцарияның Лейценхард қаласында өткен «Тур де Ски» көпкүндігінің алғашқы кезеңінде қазақстандық шаңғышылар сынға түсті деп жазады Olympic.kz.

«Тур де Ски» көпкүндігінде қазақстандық шаңғышылар сынға түсті

Әйелдер арасында 10 шақырымға классикалық әдіспен жарысудан Ксения Шалыгина мен Ангелина Шурыга бақ сынаған болатын.

Олар тиісінше 72-ші және 79-шы орыннан көрінді.

Бұл бәсекеде финляндиялық Керту Нисканен жеңіске жетсе, екінші орынды швециялық Эбба Андерсон, үшінші орынды ресейлік Наталья Непряева иеленді.