Тур де Ски: Полторанинге қола медаль үшін 11 секунд жетпей қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі қазақстандық шаңғышылардың бірі Алексей Полторанин «Тур де Ски» сайысының жалпы есебінде төртінші орынға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат sport.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Тур де Ски: Полторанинге қола медаль үшін 11 секунд жетпей қалды

Альпінің Чермис тауына финалдық өрлеу кезеңінде (9 шақырымдық) қазақстандық шаңғышы норвегиялық Мартин Йонсруд пен канадалық Алекс Харвиге есе жіберіп алды. Ал аталған сайыста алдына қара салмаған Дарио Колоньяосы сайыстың төрт дүркін чемпионы атанып, екінші келген қарсыласынан 1 минут 15секунд уақытқа озды.

Полторанин старттан шыққанда қарсыластарынан 7 секунд аралықпен озып тұрса да, 3 шақырымдық өрлеу кезінде қарсыластары оған жетіп алды. Оларға тіпті Александр Большунов та жетіп алғанымен, мәреге 600 метр қалғанда ресейлік шаршап қалды.

Негізгі бәсеке мәреге 300 метр қалғанда қыза түсті. Норвегиялық шаңғышы мәреге жете бастағанда қарқынын үдете түсті де, Алексейді ақыры басып озды.

Сан соқтырған төртінші орынға қарамастан, Әлем кубогының бас классификациясында Полторанин 8 орынға көтерілді.

Еске сала кетсек, бұған дейін «Тур де Ски» кезеңінде қазақстандық 15 шақырымдық классикалық үлгідегі масс-стартты жеңіп, қарсыласынан 0,6 секундқа ғана қалып, күміс медальді еншілеген болатын.

Тур де Скидің жалпы есебі

1. Дарио Колонья (Швейцария) - 28.52,1

2. Мартин Йонсруд Сундбю (Норвегия) - 1.26,5

3. Алекс Харви (Канада) - 1.30,6

4. Алексей Полторанин (Қазақстан) - 1.41,7

5. Ханс Кристер Холунн (Норвегия) - 2.17,8

6. Александр Большунов (Ресей) - 3.09,7

7. Жан Марк Гайар (Франция) - 3.16,7

8. Даниэль Рикардссон (Швеция) - 3.20,8

9. Алексей Червоткин (Ресей) - 3.33,5

10. Андрей Ларьков (Ресей) - 3.37,8.