18:45, 12 Ақпан 2013 | GMT +5
«Тур Оман» веложарысының алғашқы жеңімпазы анықталды
АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Оман елінде әлемдегі ең үздік шабандоздардың басын қосқан «Тур Оман» веложарысы басталды,

деп хабарлайды 24.kz.
Алғашқы жарыс күнінің қорытындысы бойынша германиялық Марсель Киттель жеңімпаз атанды. «Аргос» командасының спортшысы 162 шақырымдық жарыс жолын 4 сағат 4 минут 9 секундта бағындырды. Үздік үштікті Италия және Франция елдерінің спортшылары түйіндеді. Ал жерлестеріміз «Астана» командасының мүшесі Джакопо Гуарнери мәреге 10-шы келсе, астаналық шабандоз Борут Бозич 23-ші, Винченцо Нибали 47-ші, Арман Қамышев 126 сатылардан көрінді. «Тур Оман» веложарысының алда әлі 5 кезеңі бар.