Тұрақты мекені жоқ адам ерекше бизнес түрін ойлап тапты
АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Америкалық 62 жастағы тұрақты мекені жоқ адам ерекше бизнес түрін ойлап тапты, деп жазады rosbalt.ru.
Ол кез келген адамға өзін үш күн бойы үй-күйсіз сезініп көрінуді ұсынады және осы ұсынысы үшін олардан 2 мың АҚШ долларын алады.
Майк Момэни бұл ақшаға қиын-қыстау кезеңде қалай тамақ тауып жеп, қалада қалай өмір сүру керектігін үйретеді. Тапқыр «америкалық бизнесмен» сонымен бірге қаңғыбастар мекеніне ұмытылмас саяхат жасап, қаладағы қайыршылармен таныстыруға да уәде береді.