Тұрақты жұмысы бар адамның тұрмысы да түзу болады – Әлихан Смайылов
АСТАНА. ҚазАқпарат – Халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамту аса маңызды мәселе. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Тұрақты жұмысы бар адамның тұрмысы да түзу болады. Еңбек нарығында қандай мамандыққа сұраныс көп, соған сәйкес жұмыс жүргізу қажет. Аса маңызды мәселе –халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамту. Ол үшін кәсіпкерлерге жағдай жасау керек», - деді Үкімет басшысы.
Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдар мен барлық деңгейдегі әкімдердің жұмысы жаңа жұмыс орындарын құру бойынша KPI көрсеткіші негізінде бағаланатын болады.
«Биылғы жылы Ұлттық жобаларды іске асыру шеңберінде 269 мыңнан астам жұмыс орны құрылуы тиіс. Қазіргі уақытта 203 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Бірақ олардың 175 мыңы – уақытша жұмыс», - деді ол.
Фото:primeminister.kz