Тұрақтылық пен келісім - басты құндылығымыз - ҚХА

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған ақпараттық-насихаттық топ өз жұмысын жалғастыруда.
None
None

Бүгін Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылының тұрғындарымен кездескен топ мүшелері Елбасы Жолдауы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының,  «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясынның негізгі  басымдықтарына тоқталды.

Жиын барысында «100 нақты  қадам» Ұлт жоспарының төртінші  бағытында айтылған  тұрақтылық пен келісім - Тәуелсіз мемлекетіміздің басты құндылығы, ел дамуының негізгі шарты болып отырғандығы сөз болды.  Елдегі этносаралық достық пен татулықтың отбасы­нан қалыптасатынын, сондықтан ата-аналардың жас ұрпақ бойындағы елжандылық пен достыққа негіз­ қалайтындай тәрбие беруі қа­жеттігі айтылды.

Үштілділік  заман сұранысы, ал мемлекеттік тіл барша  қазақстандықтарды  біріктіруші  күш екені  түсіндірілді.

Топ мүшелері кездесуге қатысқан ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сауалдарына жауап берді.

Соңғы жаңалықтар