Туралмаған жеміс жеу баланы ашушаң қылады - зерттеу

АСТАНА. ҚазАқпарат - Туралмаған жеміс жеу балаларды ашушаң қылады, деп жазады шетелдік БАҚ.

Туралмаған жеміс жеу баланы ашушаң қылады - зерттеу

Мамандардың пікірінше, балаларға жемістерді немесе тауықтың аяғын бүтіндей бермеген жөн. Мамандар бастауыш сынып оқушылары оқитын асханаға видеобақылау орнатып, балаларды түскі ас кезінде бақылаған.

6-10 жас аралығындағы балалардан құралған топқа бүтін алма, тауық сирақтары, жүгеріні собығымен берген. Ал дәл осындай жас аралығындағы келесі топқа туралған жемістер мен сүйексіз тауық еті беріледі. Топтар күнде ауысып тұрды.

Зерттеу кезінде бүтін жеміс жеген топтың балалары қызба мінезді болып, ашушаңдыққа жиі бой алдыратыны байқалды.