Тұраров BoxRec рейтингінде 27 орынға көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (21-0, 15 КО) мексикалық Густаво Гарибайды (13-9-2, 5 КО) жеңген соң, өзінің беделді BoxRec порталындағы жағдайын айтарлықтай оңалта түсті, деп хабарлайды Sports.kz.

Тұраров BoxRec рейтингінде 27 орынға көтерілді

Жаңартылған BoxRec рейтингінде Тұраров жартылай орта салмақ дәрежесі бойынша 27 орынға жоғарылап, 85-ші орынға тұрақтады.

Тұраров-Гарибай кездесуі 27 мамыр күні Бока-Ратонда (АҚШ, Флорида штаты) өтті. Жекпе-жекте қарсыласы үшінші раундта техникалық конаутқа түсуіне байланысты қазақстандық боксшы жеңіске жетті.