Туреано Джонсон: «Головкинді тек мен ғана жеңемін»

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен жылғы сәуірде Туреано Джонсон белгілі америкалық нокаутшы Кёртис Стивенстенді жеңіп, сенсация жасауға шақ қалғанда, төрешінің араласуымен даулы жағдайда сайыстан шығып қалған.

Содан бері Джонсон үш рет жеңіске жетті. Айналым жинаған Roc Nation компаниясымен келісімшартқа отырды. Питер Куиллинді су жүрек деп атап, тіпті Геннадий Головкинге әлі жететін тек өзі ғана екенін жариялады, деп хабарлады sports.kz.

«Мен сіздерге «балапан» Питер емеспін. Көпшілік оны Питер Куиллин ретінде танитын шығар, алайда мен оны Питер «балапан» деп білемін. Оның Матвей Коробов сияқты қарсыласпен кездеспеу үшін титулдан бас тартқаны ұят болды. Чемпиондар мықтылармен ғана күресуі қажет. Өкініштісі, мұны бәрі артта қалды, дегенмен мен оны кері қайтарғым келеді», - деп мәлімедеді Boxingscene берген сұхбатында Джонсон. «Ал Геннадий Головкинді сыйлаймын. Ол ешкімге есе бермеуді көздейді, тек жеңіп жүрген, жеңілмеген мықты спортшы, деп мәлімдеді багамдық орта салмақтағы боксшы. Менен басқа ешкім де Головкинге қарсы шығып, жеңіске жете алмайды. Әрине, оның да сенсация жасауға мүмкіндігі бар шығар, алайда мені жеңеді деп ойламаймын», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар
telegram