Тұрғылықты мекенжайда қазақ мектебі болмаса, баланы қайда беру керек – басқарма басшысының жауабы

АСТАНА. KAZINFORM – Астанадағы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев қазақ тілде білім беретін мектептердің тапшылығы туралы пікір білдірді.

мектеп
Фото: Ақорда

«Бізде қазір үш ауысымды 8 мектеп бар. 16 мектеп шамадан тыс жүктемемен жұмыс істеп тұр. Таза орыс тілінде білім беретін үш ауысымды мектеп жоқ. Сондықтан үш ауысымды мектептердің бәрі аралас мектеп болып есептеледі. Оның бәрінде мемлекеттік тілде сабақ беретін сыныптар бар. Сондықтан үш ауысымды болса да, шамадан тыс жүктемемен оқытатын болса да, өзінің мекенжайына қарасты мектепке құжат тапсыра берсе болады», - деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ, ол елордадағы BINOM-мектептерге құжат өткізу тәсілі өзгергенін атап өтті.

«Осыған дейін BINOM мектептері өздерінің порталы арқылы бала қабылдайтын. Бірақ биылдан бастап BINOM мектептеріне де құжатты eGov порталы арқылы онлайн тапсыруға болады», - деді Қасымхан Сенғазиев.

Соңғы жаңалықтар