Тұрғын үй кешені күзетшісінің өлімі: тергеу қайта басталды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыдағы «Меркур Тауэрс» тұрғын үй кешенінің күзетшісін көлігімен бірнеше рет басып өлтірген күдіктіге қатысты тергеу қайта басталды.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тергеу басқармасы адам өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
«Бұған дейін сотқа дейінгі тергеу сот-психиатриялық сараптамаға байланысты тоқтатылған болатын. Қазір өндіріс қайта басталды.Қажетті сараптамалар тағайындалды.Тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс материалдары сотқа жолданады»,- деп хабарлады ведомстводан.
Бұған дейін прокуратура сот психологиялық-психиатриялық сараптамасының қорытындысы негізінде ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 511-бабы 2-бөлігі 2-тармағына сәйкес, күдікті психиатриялық көмек көрсететін арнайы медициналық орталыққа жатқызылғанын мәлімдеген еді.
Осыған байланысты соталды тергеп-тексеру мерзімі ҚР ҚІЖК-нің 45-бабы, 7-бөлігі, 4-тармағы негізінде тоқтатылды.
Еске салайық, осы жылдың наурыз айында «джип» көлігін мінген жүргізуші «Меркур Таун» элиталық тұрғын үй кешенінің күзетшісін бірнеше рет басып қана қоймай, оны ұрып-соққан. Салдарынан ер адам ауруханада көз жұмды.