Тұрғын үй саясатындағы реформалар баспана нарығына қалай әсер етеді

нина лукьяненко
Фото: спикердің жеке архивінен

Қазақстанның риелторлары бірлескен қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко тұрғын үй саясатындағы реформалар баспана нарығына қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Меніңше, еш әсері болмайды. Өйткені, баспана кезегінде тұрғандардың саны артып келе жатыр. Ал оларға ұсынылатын шаршы метр саны сұранысты қанағаттандыруға жеткіліксіз», — деді Нина Лукьяненко агенттік тілшісіне берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол баспана нарығына қандай факторлар әсер ететінін, келешекте бағаның өсуіне қандай себептер ықпал етуі мүмкін екенін айтып берді.

«Факторлар өзгерген жоқ. Қазақстан жалпыәлемдік экономикадан ажырамаған. Ал әлемдегі ахуалда белгісіздік басымырақ сияқты. Бағаның өсуі не төмендеуі елдің ішінде табылған ынтаға — инфляцияға, теңгенің сатып алу қабілетіне, бастапқы және қайталама нарықты мемлекеттік қолдау шараларына, жылжымайтын мүлік сатып алуға арналған қолжетімді мөлшеме бойынша займдарды субсидиялауға және басқа да жайттарға байланысты», — деді сарапшы.

Соңғы жаңалықтар