Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 3,9% өсті

АСТАНА. KAZINFORM – 2026 жылғы наурыз айында тұрғын үйді алып-сату бойынша 28 493 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 5 951 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 22 542 мәміле жасалды. 2026 жылғы ақпанмен салыстырғанда (27 421) мәмілелер саны 3,9% өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. 

баспана
Фото: СҚО әкімдігі

Мәмілелер саны бойынша Алматы (6 428 – 22,6%) және Астана (4 924 – 17,3%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (2 258 – 7,9%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 208 мәміле (0,7%) тіркелген. 

Ақпанмен салыстырғанда наурызда мәмілелер санының өсуі Қызылорда (+33,8%), Павлодар (+26,7%) және Ақмола (+26,4%) облыстарында тіркелген. Ең көп төмендеу Ұлытау облысында (-18,4%), Қостанай облысында (-9,0%) және Астана (-6,1%) қаласында тіркелді.

2026 жылдың ақпанмен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелер саны 6,0% (1283 мәмілеге) өсті. 2026 жылдың наурыз айында пәтерлер бойынша барлығы 22 542 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 79,1%-ы. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Алматы (26,3%), Астана (21,4%) қалаларына және Қарағанды облысына (8,4%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 1-бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, 2026 жылдың наурыз айында олар бойынша 8 510 мәміле ресімделген. 

2026 жылдың ақпанмен салыстырғанда 2026 жылдың наурызда жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны 3,4%-ға (211 мәмілеге) азайды. Наурызда барлығы 5 951 мәміле тіркелген. Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының өсуі Павлодар (+22,9%), Ақмола (+15,7%) облыстарында және Солтүстік Қазақстан (+12%) облысында тіркелген. Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының ең көп төмендеуі Атырау облысында (-24,8%), Алматы облысында (-13,9%) және Қарағанды облысында (-13,8%) тіркелген. 

2026 жылғы наурызда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері алдыңғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда 2,7% өсті, ол кезде (27 739 мәміле) ресімделген болатын. Мәмілелер санының ең жоғарғы өсімі Ақмола облысында (29,7%) байқалады, ең үлкен төмендеу – Ұлытау облысында (-41,7%). 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы мәмілелер санын 2025 жылғы қаңтар-наурыз айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда 4,6%-ке төмендеу байқалады. 

Осыған дейін тұрғын үй иесі қандай жағдайда жалға алушыны баспанадан шығара алатынын жаздық. 

Соңғы жаңалықтар