Тұрғын үйлердің ішіндегі коммерциялық нысандарға талаптар күшейтілмек

АСТАНА. KAZINFORM – Тұрғын үйлердің ішінде орналасқан коммерциялық нысандарға қойылатын санитариялық және пайдалану талаптары күшейтілуі мүмкін. Бұл туралы Құрылтай депутаттарының сауалына Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Рахымжан Исақұловтың жауабында айтылған. 

Тұрғын үйлердің ішіндегі коммерциялық нысандарға талаптар күшейтілмек
Фото: Дарья Аверченко/Kazinform

Оның атап өтуінше, қолданыстағы заңнамада санитариялық нормаларға қатысты бірқатар талап белгіленген. Сондай-ақ коммерциялық нысандарды пайдалану тәртібіне қойылатын талаптар айқындалған. Атал депутаттар ұсынған мәселелерді одан әрі пысықтау құрылыс және санитариялық нормаларды ескере отырып, барлық мүдделі мемлекеттік органның ведомствоаралық шешімдер қабылдауын талап етеді.

— Бұл ретте министрлік тек құрылыс нормалары саласындағы реттеуші орган саналады. Осыған байланысты аталған мәселе қосымша пысықталатын болады, — деді ол.

Вице-министр депутаттардың қатысуымен заңнамаға түгендеу жүргізіп, осы мәселелерді шешудің тұжырымдамалық тәсілін әзірлеу мүмкін екендігін атап өтеді.

— Министрлік аталған мәселелерді өз алаңында пысықтауға және тиісті ұсыныстарды әзірлеуге қатысуға дайын, — деді Рахымжан Исақұлов.

Бұған дейін 78 пәтер иелері кооперативі мен пәтер иелерінің тұтыну кооперативтері қайта тіркеуден өте алмағанын жазған едік.