Тұрғындарды эвакуациялау жұмыстарына 80 автобус дайындалды

АТЫРАУ. KAZINFORM - Жылыой ауданында қарғын судың тасуынан төтенше жағдай жарияланып, тұрғындар қауіпсіз орынға көшіріліп жатыр.

автобус
Фото: atpress.kz
Атырау облысы
Фото: atpress.kz

Оларды белгіленген орыннан арнайы пунктке тасымалдау үшін жергілікті әкімдіктен 60, ТШО компаниясының мердігер мекемелерінен 20 автобус жұмылдырылды.

эвакуациялық пункт
Фото: atyrau_oblysynyn_akimdigi

Қазір 2400-ден астам тұрғын эвакуациялық пунктке жеткізілді. Бұдан бөлек азаматтар вахталық кешенге де орналастырылады. Олар ыстық тағам мен сусын түрлерімен қамтылды. Жағдай облыс әкімінің жіті бақылауында.

Атырау облысындағы эвакуациялық пункт
Фото: atpress.kz