Тұрғылықты жеріне қарамастан баланың бәріне бірдей көңіл бөлінеді - Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тұрғылықты жеріне қарамастан баланың бәріне бірдей көңіл бөлінеді. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX Съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұрғылықты жеріне қарамастан баланың бәріне бірдей көңіл бөлінеді - Тоқаев

«Сонымен қатар балаларға қосымша білім беру, бос уақытты тиімді пайдалану, шығармашылық қабілетті дамыту мәселелері шешімін табады. Барлық мектепте спортпен және шығармашылықпен айналысуға жағдай жасалады», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті 3-6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі біліммен толық қамтылуға тиіс екендігін баса айтты.

«Осы ретте тұрғылықты жеріне қарамастан баланың бәріне бірдей көңіл бөлінеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.