Тұрғын халқы ең көп ауданға әлі 4 мектеп керек

АЛМАТЫ. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстандағы 165 ауданның ішінде тұрғындарының саны жағынан ең алдыңғы орында тұрған Алматы қаласының Әуезов ауданында қазіргі таңда 4 мектеп жеткіліксіз болып отыр. Оны аудан әкімі Әділ Несіпбаев бүгін Қалқаман-3 ықшам ауданындағы №176 жалпы білім беретін жаңа мектептің ашылу рәсімі кезінде айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«312 мың тұрғыны бар Әуезов ауданындағы мектеп жасындағы балалардың жалпы саны 36 332. Қалқаман-3 ықшам ауданындағы 1200 орындық №176 мектеп Әуезов ауданындағы 34-ші жалпы білім беру мекемесі болып отыр. Бұл соңғы бір жылдың ішінде пайдалануға берілген екінші мектеп. Бұған дейін №104 мектепті күрделі жөндеуден өткізіп, пайдалануға бергенбіз. Қазіргі таңда ауданда әлі 2 мектеп 3 ауысымда, ал 11 мектеп 2 ауысымда жұмыс жасайды. Тапшылықты жою үшін әлі 4 мектеп керек. Егер білім беру мекемелерін салу осы қарқынмен жүретін болса, оны алдағы 3 жылдың ішінде қол жеткізетін боламыз», дейді Әділ Несіпбаев. Оның айтуынша, осы айдың аяғына таман Жетісу және Мамыр ықшам аудандарында жаңадан екі балабақша іске қосылмақ. Ал 2010 жылы 4 балабақша салу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда аудандағы балабақшалардың жалпы саны - 37. Тұрғындардың мектепке дейінгі мұндай мекемелерге деген сұранысын қамтамасыз ету үшін әлі 17 балабақша ашу қажет.
Соңғы жаңалықтар