Тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту бағытында бірқатар бюджет қаражатының игерілмеу қаупі туып отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұрлы жол» бағдарламасының «Тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту» бағыты бойынша бірқатар қаражаттың жыл соңына дейін игерілмеу қаупі туып отыр. Бүгін Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтың жетекшілігімен өтіп жатқан Үкімет отырысында «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасының жүзеге асыру барысы бойынша бойынша баяндама жасаған Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев осылай мәлім етті.
None
None

Министрдің мәліметіне қарағанда, бағдарламаның «Тұрғын үй құрылысын дамыту» бағытында баспаналар сатып алу мен инженерлік желілердің құрылысына 140 млрд.теңге бөлінген. Оның ішінде «Байтерек» холдингіне арендалық баспана салуға 92,5 млрд.теңге қарастырылған. «Бағдарламының осы бағыты бойынша жыл соңына дейін 355,5 млн. теңге сомасындағы қаражат игерілмей қалу қаупі туындап отыр. Соның ішінде 200 млн. теңге бұл Шығыс Қазақстан облысы, ал 155,5 млн. теңге Батыс Қазақстан облысы бойынша игерілмеу тәуекелі туындайды», дейді Е. Досаев. Бұдан бөлек, арендалық баспананың құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға 17,5 млрд. теңге бөлінген, соның ішінде 14 млрд. теңгесі немесе 80 пайызы игерілген. Бұл бағытта да игерілмей қалу тәуекелі 483 млн. теңге сомасында туындайды. «Кестеден қалуына байланысты және тұрғын үй нысандарының берілуі бойынша Астана және Алматы қалаларында проблема бар. Осы әкімдіктер баспананы енгізудің жылдық көрсеткіштерін сапалы жоспарлауды қамтамасыз етулері және Ұлттық қордан бөлінген қаражатты толығымен игеруді қамтамасыз етулері тиіс», деді Е. Досаев.

Соңғы жаңалықтар