Тұрғын үй кезегіне тұру үшін «жас отбасы» санатын 29 жастан 35 жасқа дейін көтеру көзделуде - Қ.Өскенбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағдарламасы аясында жас отбасылар үшін жалдамалы баспана алу талаптары өзгертіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.
None
None

«Салынған тұрғын үйдің шамамен 50 пайызы жас отбасыларға беріледі деп жоспарланған. Жас отбасыларға қойылатын жаңа талаптар да бізде қарастырылып жатыр. Егер бүгінде «Тұрғынүйжинақбанкі» бағдарламасы арқылы 29 жас белгіленген болса, қазір біз бұл межені көтеру керек деп есептейміз. Өйткені, қанша дегенмен қазір жастар кеш үйленеді. Осыған байланысты, біз бұл көрсеткішті 35 жасқа дейін көтергіміз келеді», - деді Қ. Өскенбаев Сенатта «ҚР-ның тұрғын үй қатынастары туралы кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында.

Оның айтуынша, бағдарлама жоспар бойынша жыл соңына дейін қабылданады. Тұрғын үй құрылысы 2015 жылы басталады. «Желтоқсанның соңына дейін мемлекеттік бағдарлама қабылданып, параметрлері өзгереді деп күтілуде» - деді ол.

Соңғы жаңалықтар