Тұрғын үй - коммуналдық сала мәселелеріне қатысты заң жобасы бірінші оқылымда қаралды

АСТАНА. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды,

Тұрғын үй - коммуналдық сала мәселелеріне қатысты заң  жобасы бірінші оқылымда қаралды
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Отырыста заң жобасына байланысты сөйлеген Индустрия және сауда вице-министрі Еділ Мамытбековтың айтуынша, құжат кондоминум объектілерін басқару нысандарын жетілдіру, қазіргі қолда бар тұрғын үй қорын қажетті талаптарға сай ұстау және оған қажетті қаржыландыру мәселелерін шешу мақсатында әзірленген. Сонымен қатар заң жобасы тұрғын үй қорын тиімді басқару үшін осы салада қайта құру жұмыстарын жүзеге асыруды көздейді. Заң күшіне енетін болса, «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңдары мен Азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылықтар туры кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.