Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын кең ауқымда жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі жоспары маусымның 1-іне дейін қарауға ұсынылады - Агенттіктің жауапты хатшысы

АЛМАТЫ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын кең ауқымда жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын әзірлеуде 4 негізгі бағыт айқындалды.
None
None

Бұл бүгін Алматыда «Атакент» іскерлік ынтымақтастық орталығындағы жаңа көрме маусымының ашылу рәсіміне арналған баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі таңда республикадағы су құбыры желісінің 68 пайызы, жылу жүйесінің 70 пайызының тозығы жеткен. Ғимараттарда жылудың 35 пайызы, су құбыры желісінде судың 32 пайызы шығын болуда. Елбасы Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында 2011 жылға дейін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын кең көлемде жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі жоспарын жасауды тапсырды. Ол өзіндік пайдалану шығындарын төмендетумен және ресурс сақтаушы технологиялар енгізумен қоса жүруге тиіс. Қазіргі таңда әзірленіп жатқан бұл құжаттың нақты тетіктері туралы айту ертерек. Дегенмен ол маусымның 1-іне дейін қарауға ұсынылады», деді ҚР Құрылыс және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің жауапты хатшысы Салауат Дембай. Оның айтуынша, жоспарды жасау кезінде 4 негізгі бағыт айқындалып отыр. Біріншісі - қолданыстағы желілер мен коммуналдық сектордағы нысандарды жаңарту мен қайта құрылымдау. Екіншісі - елді-мекендерді өмірге қажетті құрылғылармен қамтамасыз ету. Үшіншісі - көп пәтерлі тұрғын үйлерді күтіп ұстау және жөндеумен қамтамасыз ету. Төртіншісі - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының тиімділігін арттыру үшін институциналдық негіз құру.

Соңғы жаңалықтар