Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығына алдағы 5 жылда 800-900 млрд. теңге салу қажет

АЛМАТЫ. 10 маусым. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Инвесторлар үшін тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық нарығы өте үлкен. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Қазақстандағы мемлекеттік-жеке серіктестік» деп аталатын конференцияда айтылды.

Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығына алдағы 5 жылда 800-900  млрд. теңге салу қажет

"Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығына алдағы 5 жылда 800-900 миллиард теңге салу керек. Ондағы нысандардың 80 пайызының тозығы жеткен. Бұл инвесторлар үшін өте үлкен нарық. Онда қомақты инвестиция керек", - дейді "Қазақстандық мемлекеттік-жеке серіктестік орталығы" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ғабит Шайкин. Оның айтуынша, қазақстандық инвесторлар мен халықаралық даму институттары арасында бәсекелестік бар. Қазір олар мемлекеттік-жеке серіктестіктің ынтымақтастығын белсендіру үшін құзырлы министрліктермен бірлесіп қолданыстағы заңға жаңа өзгерістер мен толықтырулар жобасын жасауда.