Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығында 809 жобаны жүзеге асыру арқылы 80 187 жұмыс орны құрылмақ

None
None
АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ -«Жол картасын» жүзеге асыру аясында тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жөндеуге және дамытуға 58,4 миллиард теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін Астанада Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің және әкімдердің қатысуымен Елбасының Жолдауын орындау жөніндегі іс-қимыл жоспарының іске асырылуы барысы бойынша өткен кеңесте
Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, «Жол картасын» жүзеге асыру аясында тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жөндеуге және дамытуға 58,4 миллиард теңге бөлінді. Оның ішінде жергілікті бюджеттер есебінен 17,8 миллиард теңге, республикалық бюджет есебінен 40,6 миллард теңге тартылды. Қаржыландыру жоспарына сәйкес әкімдіктерге 4,2 миллиард теңге аударылды. «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығында 809 жобаны жүзеге асыру міндеті тұр. Нәтижесінде 80 187 жұмыс орны құрылатын болады»,- деді министр. Әкімдіктер ұсынған жобаларға сәйкес сумен қамтамасыз етуге - 38 пайыз, кәріздерге - 9 пайыз, жылуға - 20 пайыз, электрмен қамтуға - 8 пайыз, газбен қамтамасыз етуге - 2 пайыз, көріктендіруге 23 пайыз көлемінде жалпы шығыстар болады.
Соңғы жаңалықтар