Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру үшін арнайы агенттік құру қажет-Вице-Премьер

АСТАНА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру үшін осы саладағы орталық өкілетті орган ретінде арнайы агенттік құру қажет.
None
None
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Серік Ахметов айты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, орталық және жергілікті атқарушы органдардың салааралық үйлестірілуін қамтамасыз ету үшін мұндай агентікке тиісті өкілеттіктер берілуі қажет. Бұдан бөлек Вице-Премьер тұрғын үй коммуналдық саласындағы орталық және жергілікті атқарушы органдар арасындағы құзырды нақты ажырату керектігін атап көрсетті. «Сонымен қатар әкімдіктер тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңалау және дамыту жөніндегі өңірлік бағдарламаларды әзірлеуі тиіс», деді ол. С. Ахметов коммуналдық секторды жаңалау және дамыту саласында қазіргі заманғы ресурстарды үнемдейтін технологияларды енгізетін бағдарлама әзірлеу жоспарланып отырғанын жеткізді.
Соңғы жаңалықтар