Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттері үшін бірқатар комиссияны алып тастады

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ клиенттері төлеуі тиіс бірқатар комиссияны алып тастады, деп хабарлады «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттері үшін бірқатар комиссияны алып тастады
«Елбасының тапсырмасымен тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде бірқатар комиссия алынып тасталды. Клиенттер үшін қаржылай жүк салмағы 30% қысқарды. Тұрғын үйлерден пәтер сатып алушылар пулдарына қатысуға өтініштерін білдіру үшін төлейтін комиссия, Бағдарламаға қатысушының статусы туралы қосымша келісім жасау үшін төленетін комиссия жойылды. Клиенттің бастамасымен жиналған қаржы туралы шарттағы талаптарды өзгерту туралы қосымша келісім де тегін жасалатын болды. Бұрын бұл үрдістер үшін клиент 5 мың теңгеден төлейтін. Сонымен бірге мүлікті сатып алу/сату кезінде нотариустың қызметі бұрын 22 мың теңге болса, қазір жаңа келісім бойынша ол 7 мың теңгеден аспайды», - деді Қ.Бишімбаев «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында. Оның деректеріне қарағанда, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне белсенді қатысушылар саны 2014 жылы 4,25% ұлғайды. «Мақсатымыз – жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 5% дейін жеткізу. Бүгінде тұрғын үй құрылыс жинақ банкі көпмерзімдік салымдар бойынша бірінші орында », - деді холдинг басшысы. Оның сөзіне қарағанда, «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ ипотекалық несиелерді алу үрдісін белсенді жүргізіп оны 50 миллиард теңгеге дейін жеткізген. «Өткен маусымда, банктер ипотекалық нарықта белсенділіктерін бәсеңдеткенде, біз даму институттары тарапынан белсенділікті арттыруды жөн көрдік. Қазіргі таңда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен Қазақстандық ипотекалық компанияның баспананы қаржыландыру нарығындағы үлесі 23% асты», - деді Қ.Бишімбаев.