«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» клиенттеріне өтемақы беру үшін екі жылда 36 млрд. теңге бөлетін болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында Елбасының Жолдауын жүзеге асырудың Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын таныстыру кезінде ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев халықтың тұрғын үйге қолжетімділік деңгейін арттыру бағытын түсіндірді.
None
None

«Халықтың тұрғын үйге қолжетімділік деңгейін арттыру үшін 2016-2018 жылдары жалға берілетін алаңы 817 мың шаршы метр немесе шамамен 13 600 пәтер тұрғын үй салу және оны сатып алу қамтамасыз етіледі. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ клиенттерінің барлық салымдарына өтемақы беру үшін Үкімет резервінен 2016 жылы 20,9 млрд. теңге және 2017 жылы 16 млрд. теңге бөлінетін болады»,-деді Е. Досаев.

Министрдің айтуынща, тұрғын-үй құрылысындағы үлескерлік салымдарды кепілдендіру қорын құру мақсатында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ жарғылық капиталын 10 млрд. теңгеге ұлғайту көзделіп отыр. Бұдан басқа, бюджеттік кредиттеу және субсидиялау тетігі арқылы 298 км жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілері салынып және қайта жаңғыртылатын болады.

«2016-2017 жылдары шетел инвестицияларын тарта отырып, МЖӘ тетіктері арқылы «ePlanCheck» ЖСҚ тексерудің автоматтандырылған жүйесі және құрылыс нысандарын жобалау кезіндегі (BIM-технологиялар) ақпаратты модельдеу технологиясы енгізіледі»,-деп атап өтті ведомство басшысы.

Соңғы жаңалықтар