«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» қызметкерлері ел аймақтарында тұрғын үй алу мәселесіне қатысты кеңестер береді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тұрғын үй мәселесі толғандырған қазақстандықтар «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына келіп, Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мамандарынан кеңес ала алады. Мамандар оларға мемлекеттің әлеуметтік пәтерлеріне кімдер ала алатыны, баспананы төменгі пайызбен несиеге қалай сатып алуға болатыны және арзан тұрғын үй сатып алу үшін жинақ ақшаны қалай сақтау керектігі туралы түсіндіреді, деп хабарланған аталмыш банктің сайтында.
Сонымен қатар «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» қызметкерлері «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын қолдай отырып, халықтың басым бөлігін әлеуметтік тұрғын үймен қамту үшін банктің қосымша қандай іс-шараларды жүзеге асырып жатқанын баяндайды.
Қазір халықты «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап аталған бағдарлама Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі кешенді бағдарламасының бөлігіне айналды) шеңберінде салынған нысандардың уақытында берілу мәселесі мен пайдалануға берілетін «әлеуметтік» шаршы метрлердің саны толғандырып отыр. ҚТҚЖБ-ның хабарлауынша, 2015 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған барлық үйлердің құрылысы толық аяқталып, оларға жаңа пәтер иелері қоныстанбақ. Биыл Банк бағытымен тұрғын үй құрылыс бағдарламасын жүзеге асыруға Ұлттық қордан 30 миллиард теңге бөлінді. Жергілікті атқарушы органдармен жасалған келісімдерге қарағанда, «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» және «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» атты екі бағыт бойынша 590 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек. «Нұр Отан» ХДП-ның қоғамдық қабылдауында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өкілдері азаматтарды кесте бойынша айына бір рет қабылдайды. Қазақстанның барлық облыстарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында да тұрақты түрде кеңес берулер өткізілетін болады. Республика бойынша «Нұр Отан» ХДП-ның қоғамдық қабылдауында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ өкілдерінің азаматтарды қабылдау уақыты: Астана қаласы - әр айдың екінші бейсенбісі, сағат 17.00-ден 18.00-ге дейін Алматы қаласы - әр айдың бірінші сәрсенбісі, сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін Ақмола облысы - әр айдың үшінші дүйсенбісі, сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін Ақтөбе облысы - әр айдың үшінші сейсенбісі, сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Алматы облысы - әр айдың бірінші дүйсенбісі, сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін Атырау облысы - әр айдың 15-і күні, сағат 15.00-ден 12.00-ге дейін Шығыс Қазақстан облысы (Өскемен) - әр айдың бірінші және үшінші дүйсенбісі, сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін Шығыс Қазақстан облысы (Семей) - әр айдың екінші бейсенбісі, сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Жамбыл облысы - әр айдың бірінші бейсенбісі, сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Батыс Қазақстан облысы (Орал) - апта сайын сәрсенбіде, сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін Қарағанды облысы - әр айдың бірінші бейсенбісі, сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Қостанай облысы - әр айдың бірінші сәрсенбісі, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Қызылорда облысы - әрбір бірінші сейсенбі, сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін Маңғыстау облысы - әр айдың 20-ы күні, сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін Павлодар облысы - әрбір бірінші бейсенбіде, сағат 9.30-дан 12.30-ға және 14.30-дан 17.30-ға дейін Солтүстік Қазақстан облысы - әрбір бірінші сейсенбіде, сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін Оңтүстік Қазақстан облысы - әр айдың екінші сәрсенбісі, сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін