Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі операцияларын уақытша тоқтататынын хабарлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттеріне қызмет көрсетудің жаңа деңгейіне шыққанын хабарлады.
None
None

«Клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында банкте заманауи Colvir Banking System жүйесі енгізіледі. Банк операциялары енді жылдам жүзеге асырылатын болады, ал алдағы уақытта Colvir жаңа қызметтерді енгізуге жол ашады», - делінген банктің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазақстандағы қаржы транзакциясының 70% Colvir үлесінде. Colvir елдің көптеген ірі банктері мен қаржы мекемелерінде орнатылды. Сонымен бірге ол ҚР Ұлттық банктің резервтік жүйесі.

Жаңа банк жүйесін енгізу жұмыстары 2015 жылдың 31 желтоқсанынан 2016 жылдың 9 қаңтарына дейін жүргізіледі. Осыған байланысты, бұл мерзімде банк келесі операцияларды жүзеге асырмайды:

- кассалар, төлем терминалдары арқылы жүргізілетін кіріс операциялары;

- тұрғын үй құрылысжинақтары туралы шарттар жасау;

- несие өтініштерін қабылдау;

- қарыз беру;

- постдепозиттік операциялар;

- постнесиелік операциялар.

11 қаңтардан постдепозиттік және постнесиелік операциялардан басқалары қайта іске қосылады. Ал постдепозиттік және постнесиелік операциялар 2016 жылдың 1 ақпанынан жүзеге асырыла бастайды.

Тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарттардың талаптарын өзгерту бойынша операциялар салымшылардың жинақ шотына 2015 жылғы мемлекеттік сыйақы төленбей тұрып жасалмайды.

Соңғы жаңалықтар