Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен депозит ашу Қазпошта бөлімшелері арқылы қолжетімді

Жуырда «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» және «Қазпошта» АҚ арасында тұрғын үй бағдарламарына қатысты ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Бүгінгі таңда «Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы - ҚТҚЖБ-ның әлеуетті салымшылары Қазпошта бөлімшелерінен банк өнімдері бойынша кеңестер ала алады және өздеріне жинақ шотын аша алады. Осы орайда, салымшыларға депозит ашу немесе кредит төлеу тегін екендігін айта кеткен жөн. Бұған дейін бұл аталған қызметтер үшін салымшының енгізетін сомасынан 1% комиссия ақысы ұсталатын. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі және ұлттық пошта операторы белгіленген комиссия туралы өзара келісімге келді, енді оның шығындарын банк өзіне алатын болды.
Дей тұра, салымшылар үшін негізгі бір шарт бар: Қазпошта бөлімшелері арқылы депозит ашу кезінде салымшы шотына 15 000 теңге салуы қажет. Бұл төмендетілмейтін баға - пошталық бөлімшелер арқылы шот ашудың міндетті талабы болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның тұрғын үй құрылысы жинақ банкі - акционерлік қоғам, екінші деңгейдегі банк. Ол 2003 жылы құрылған. Банктің жарғылық капиталына мемлекет 100% қатысады. Банктің негізгі мақсаты - екінші деңгейдегі банктерден ипотекаға несие алу кезінде бастапқы жарналарды төлеу үшін жеткілікті қаражаты жоқ, бірақ жеткілікті тұрақты табысы бар азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін қарыз алуын қаржыландыру мақсатымен жеке жинақ қаражатын қорландыру негізінде тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзімге қаржыландыру.
Бүгінгі таңда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде қазақстандықтар ашқан 940 829 депозит бар. Ал Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттері салымдарының жалпы сомасы 458 906 млрд.теңгені құрайды. Құрылған уақыттан бері Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 143 370 қазақстандықтарға тұрғын үй шарттарын жақсартуға көмектесті. Үстіміздегі жылдың басынан бері-ақ. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 14 373 клиенті тұрғын үй шарттарын жақсарту мақсатында заемдар алды.
Қазіргі таңда тұрғындарға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 17 филиалы, 16 қызмет көрсету орталықтары мен 150 кеңес беру орталықтары қызмет көрсетеді. Қалалық жерлерде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары кеңесшілерді үйге шақырту арқылы депозит ашуларына болады. Ал ашылған депозит сомасын салымшы QR-код арқылы толықтыруы қолжетімді.
Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, 200 000 салымшы «ТҚЖБ 24» Интернет-банкинг жүйесі қызметін пайдалануда. Ал Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің штаттан тыс кеңесшілер желісінің саны 1 129 адамға жетті. Олардың кеңесі арқылы Банкте 110 000 салым ашылған.
Айта кету керек, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салымшы жарнасы 30%-ды құраған жағдайда, несиені жылдық 5%-бен береді. Жыл соңына дейін «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі аясында 13 000 пәтер қолданысқа беріледі деп күтілуде. Сондай-ақ, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қызметі бойынша барлық ақпаратты мобильді байланыстың барлық операторлары үшін бірыңғай 300 нөміріне қоңырау шалу арқылы алуға болады.
Жаңа қызмет сапасын арттыру мақсатында, қазіргі таңда банк клиенттеріне ыңғайлы бағдарламаларды таңдап, салым ашуға құжаттарды рəсімдеу мен ұсынылатын бастапқы жарнаны есептеу үшін Қазпошта бөлімшелерінің қызметкерлері оқытылып жатыр.