Тұрғын үй құрылысы және ТҮКШ мәселелері жөніндегі бірыңғай ақпараттық қызмет ашылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі бірыңғай ақпараттық қызмет ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің бастамасы бойынша құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында халықпен тиімді диалогты арттыру мақсатында бірыңғай ақпараттық қызмет ашылды.
Ақпараттық қызмет құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мәселелер бойынша жұмыс күндері 9:00-ден 18:30-ға дейін консультациялық қызметтер көрсетеді.
- Құрылыс мәселелері бойынша байланыс телефондары – 8 (7172) 98-33-50,
- Тұрғын үй және тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша – 8 (7172) 98-30-59,
- Кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысандарына (мүліктің меншік иелері бірлестіктері, жай серіктестік, пәтерлер иелерінің кооперативтері) көшу мәселелері бойынша – 8 (7172) 98-34-86