Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекеттің сыйлықақысын есептеу және төлеу қағидалары бекітілді
АСТАНА. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекеттің сыйлықақысын есептеу және төлеу қағидалары бекітілді және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды.
ҚазАқпарат бұйрықтың мәтінін таратады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы №464
2012 жылғы 18 қазан Астана қаласы
Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекеттің сыйлықақысын есептеу және төлеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында бұйырамын:
1. Қоса берiлiп отырған Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекеттің сыйлықақысын есептеу және төлеу қағидалары бекiтiлсiн.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Бюджеттік кредит беру, Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің концессиялық жобалары мен бюджеттік инвестициялары департаменті (А.С.Есенов) белгiленген тәртiпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
4. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр Б. Жәмішев
Бұйрықтың қосымшасы баспасөз беттерінде жарияланған.