Тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар соңғы он жылда 10 есеге дерлік ұлғайды
АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар соңғы он жылда 10 есеге дерлік ұлғайды. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.
«Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру тұрғын үй құрылысы қарқынының тұрақты өсуін қамтамасыз етті. Тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар соңғы он жылда 10 есеге дерлік ұлғайды», - деді агенттік басшысы.
Оның атап өтуінше, жалпы, құрылыста орындалған құрылыс жұмыстары көлемінің оң серпіні байқалады. Ол 2011 жылы 2 трлн. теңгені құрады. Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 2011 жылы 1991 жылғы деңгейге қарағанда 17,5 пайызға жоғары, ал 2012 жылдың соңғы 11 айында ол нақты көріністе тағы 2,5 пайызға артты.