13:16, 08 Қазан 2013 | GMT +5
Тұрғын үй нарығындағы бағаның өсуі байқалды
АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - 2013 жылғы қыркүйекте тұрғын үй нарығындағы бағаның өсуі байқалды. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.

Атап айтқанда, биылғы қыркүйекте өткен аймен салыстырғанда көркейтілген тұрғын үйлерді жалға беру бағалары 1,3 пайызға, жаңа тұрғын үйлерді сату және көркейтілген тұрғын үйлерді алып сату - 1 пайызға, сондай-ақ көркейтілмеген тұрғын үйлерді алып-сату бағалары 0,7 пайызға өсті.