Тұрғын үй саясаты: Прайс-парақтардың орнына сметалық баға анықтамалары енгізіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет бюджетіне салынатын тұрғын үйлердің құрылыс шығыны онлайн калькулятордың көмегімен реттеледі. Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев осындай ұсыныс көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұрғын үй саясаты: Прайс-парақтардың орнына сметалық баға анықтамалары енгізіледі

«Мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың инвестицияларының қатысуымен бір ғана объектілердің құнын арттыруды болдырмау үшін мемлекеттік сараптама порталында онлайн-калькулятор (epsd.kz) енгізе отырып, құрылысқа жұмсалатын шығындардың шекті лимиттері белгіленді. Прайс-парақтардың орнына бірегей сметалық бағалар, сметалық бағалардың анықтамалары әзірленеді», - деді министр

Оның сөзіне қарағанда, бұл тетіктер өңірлер бойынша бірдей объектілерді салу құнының ауытқуына, сондай-ақ жобалау және жобалау-сметалық құжаттаманы сараптау кезеңдерінде жобалардың сметалық құнының артуына жол бермеуі керек», - деді Қайырбек Өскенбаев.