Тұрғын үй жалдау субсидиясына арналған шоттар өндіріп алу операцияларынан қорғалады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тұрғын үй жалдау субсидиясына арналған шоттар өндіріп алу операцияларынан қорғалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұрғын үй жалдау субсидиясына арналған шоттар өндіріп алу операцияларынан қорғалады

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық әктілеріне тұрғы үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын таныстыра отырып, осындай мәлімет келтірді.

«Отбасы банкі базасында Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады. Оған тұрғын үйге мұқтаж барлық азаматтар тұра алатын болады. Әрбір өтінім үшін кірістерді, мүлік пен активтерді ашатын отбасының сандық портреті жасалады.

Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы тұрғын үйі жоқ ҚР азаматтары бойынша мемлекеттік дерекқорлармен интеграцияланған бірыңғай ақпараттық база болып табылады.

Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығын құру «тұрғын үйге мұқтаж» деген мәртебені растау үшін бірнеше инстанцияға жүгінудің, кезекке тұрудың, содан кейін қарыз алу үшін банкке жүгінудің қажеттілігін жоятын «бір терезе» қағидатын қолдануға мүмкіндік береді.

Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларының жаңа моделіне сәйкес тұрғын үйді бөлу есепке қою күніне және кіріс деңгейіне байланысты жүзеге асырылатын болады» - деді Еркебұлан Дауылбаев.

Вице-министр заң жобасы бойынша тұрғын үй жалдау субсидиясы табысы отбасының әрбір мүшесіне 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтындарға берілетінін атап өтті.

«Табысы 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары кезекте тұрғандарға тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдікті тұрғын үй қарыздары түрінде мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілетін болады.

Халықтың әлеуметтік осал топтарының жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін жедел шешу мақсатында министрлік жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау ақысын субсидиялау тетігін пысықтауда.

Осы тетік арқылы отбасы мүшесіне шаққанда 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен (36 018 теңге) төмен табысы бар көпбалалы отбасылар, 1 және 2-топтағы мүгедектер, жетім балалар, мүгедек балалары бар отбасылар тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

Бұл қысқа мерзімде 70 мыңға жуық кезекте тұрғандардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді», - деді министрдің орынбасары.

Сондай-ақ, ол қайталама нарықта жалға алынған тұрғын үй төлемдерін тағайындау қағидалары бекітілгенін еске салды. Бұл тетік ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап іске қосыламақ.

«Жалға алушылардың жалдау төлемдері мен субсидияларын есепке алу үшін шоттары үшінші тұлғалардың өндіріп алуларынан, тыйым салуларынан және өзге де шектеулерінен қорғалатынын атап өткен жөн. Басқа сомалар осы шоттарға аударылмайтын болады», - деді Еркебұлан Дауылбаев.