Тұрғын үй жинақ банкінен депозит ашу жеңілдеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі енді депозит ашарда тұтынушыдан комиссияның құнын сұрамайды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Тұрғын үй жинақ банкінен депозит ашу жеңілдеді

«Банктің құрметті клиенттері! Комиссия төлемей, депозит ашыңыздар! 2017 жылдың 3 сәуірінен бастап тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы және келісімшарттағы ақшаны көбейту туралы келісім жасалғанда, комиссия мүлде алынбайды. Бүгін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің отырысында осындай шешім қабылданды»,-деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұрын банктен депозит ашарда келісімшарттың 0,55 пайызы көлемінде комиссия алынатын.