Тұрғын үйде газды ауа қоспасының жарылуынан 3 адам зардап шекті - Алматы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін, 24 сәуірге қараған түні Алматы қаласы, Түркісіб ауданының Бертольд көшесінде орналасқан 5 пәтерлі барак тәрізді салынған тұрғын үйдің №1 пәтерінде 03 сағат 40 минутта газды ауа қоспасы жарылды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Жарылыстың нәтижесінде тұрғын үйдің аумағы 100 шаршы метр болатын үстіңгі жабындысы мен шатыры қираған. Бірақ өрт орын алмаған. Төтенше жағдайды жоюға Алматы қ. өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 19 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылды.

Сондай-ақ оқиға орнынан түрлі жарақаттар алған 3 тұрғын (1946 ж. т. Н.Болочкова, 1982 ж. т. И.Лысичко және 1987 ж. т. Ш.Омаров) ауруханаға жеткізілді.

Қазір оқиғаның себептері анықталуда.

Соңғы жаңалықтар