Тұрғын үйден бомба табылды
АСТАНА. 23 маусым. ҚазАқпарат - Нальчик қаласындағы тоғыз қабатты тұрғын үйден табылған қолдан жасалған бомбаны мамандар залалсыздандырды.
Бұл туралы Кабарда-Балқария ІІМ-нің баспасөз қызметі хабарлайды.
«Жұма күні КБР-дың құқыққорғау органдарының қызметкерлері ұйымдасқан қылмыстық топтың жасырынған жерін табу мақсатымен жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде Нальчик қаласындағы Ватунин көшесінің бойында орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйдің техникалық қабатынан қолдан жасалған жарылғыш зат тапты» - деп жазылған ведомствоның хабарламасында.
«Мамандар бұл жарылғыш затты қауіпсіз жерге алып шығып, залалсыздандырды. Тұрғындар мен арнайы жасақ қызметкерлерінің арасында зардап шеккендер болған жоқ» - деп толықтырды баспасөз қызметі.