Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Тұрғын үйдің 10 қабатындағы пәтерден бомба табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 15 желтоқсанда мәскеулік пәтерлердің бірінен бомба табылды. Жарылғыш зат зарарсыздандырылды. Ол оныншы қабаттан табылған.

Тұрғын үйдің 10 қабатындағы пәтерден бомба табылды

Оқиға Черемушка метросына жақын жерде Наметкин көшесі, 11 үйде орын алды.  Барлығы 145 адам эвакуацияланса, оның жиырмаға жуығы - балалар. Ешкімнің зардап шекпегені белгілі болды.

Қазір оқиға орнында криминалистер, күш құрылымдары жұмыс істеуде, деп хабарлады РИА Новости  құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап.