Тұрғын үйдің 11-қабатынан құлаған үш жасар бала аман қалды
МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат - Мәскеуде тұрғын үйдің 11-қабатынан құлаған үш жасар бала аман қалды. Ол ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Мәскеудегі балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Ольга Ярославскаяның айтуынша, алты жасар бала Каширское тас жолындағы көпқабатты үйдің 11-қабатының терезесінен құлап кеткен. Қазір бала ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетуде.
Сондай-ақ Ольга Ярославская бұл отбасында тағы төрт бала бар екенін мәлім етті.