Тұрғын үйлердің бағасы әлеуметтік бағдарланған болуы тиіс - ҚР Президенті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Несиеге берілетін тұрғын үйлерді салуға 149 млрд. теңге бөлуді тапсырамын, соның ішінде 22 млрд. теңге салымшыларға несиеге берілуі тиіс», - деді ҚР Президенті Н.Назарбаев Ақордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Тұрғын үйлердің бағасы әлеуметтік бағдарланған болуы тиіс - ҚР Президенті

Бұл туралы Ақорданың Твиттердегі ресми парақшасында хабарланды.

Елбасы жеке құрылыс салушыларға қолдау көрсетуге қайтарымды негізде 97 млрд. теңге бағыттауды тапсырды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы тұрғын үйдің бағасы әлеуметтік бағдарланған болуы тиіс екеніне аса мән берді.