Тұрғындардың шағымынан кейін Алматыдағы дәмхананың террасасы сүріліп жатыр

None
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы «Lova Kitchen» дәмханасының жанынан салынып жатқан қосалқы нысанның заңдылығын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қала басшысы Ерболат Досаевтың Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуінде Төле би көшесі, 24 б мекенжайында орналасқан «Lova Kitchen» кафесінің жанынан салынып жатқан қосалқы нысанның заңдылығына қатысты сұрақ қойылған болатын.

Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша Қала құрылысын бақылау басқармасы жоспардан тыс тексеру жүргізді. Оның барысында жазғы терраса заңсыз салынған қосалқы нысанда орналасқандығы анықталды. Сонымен қатар террассаны салу кезінде мемлекеттік қордағы тротуардың бір бөлігі алынған.
Қала құрылысын бақылау басқармасы меншік иесін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 316-бабы 1, 321, 323-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартты. Сондай-ақ «Қамқор-Орталық» ЖШС-ға қатысты процессуалдық шешім қабылдау үшін материалды сотқа жібере отырып, ӘҚБтК-нің 319-бабы бойынша шаралар қабылданды.
«Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының (ӘҚБІжМАС) 2022 жылдың 27 желтоқсанындағы қаулысымен»Қамқор-Центр«ЖШС ҚР ӘҚБтК-нің 319-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылып, заңсыз тұрғызылған құрылысты мәжбүрлі түрде сүру және әкімшілік айыппұл өндіріп алу жазасы белгіленді. Меншік иесі бұл шешімге наразылық білдірді, алайда Алматы қалалық сотының қаулысымен ӘҚБІжМАС-тың қаулысы өзгеріссіз қалдырылды. Бүгін сот орындаушыларының қатысуымен заңсыз тұрғызылған нысанды сүру басталды», - деп хабарлады әкімдікте.


Соңғы жаңалықтар