«Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру әдістерін әділ әрі ашық етіп өзгертеді

АСТАНА. 19 қазан. ҚазАқпарат - 17 қазан күні Астанадағы баспасөз мәслихатында «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің төрағасы Қуандық Бишімбаев мәлім еткен «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің» басшысы Нұрбибі Наурызбаеваның отставкаға жіберілуі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өткір сынынан кейінгі логикалық қадам.
None
None

Атап өтейік, «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі даму институттарын, қаржы ұйымдары мен ұлттық экономиканы дамытуды басқару жүйесін оңтайландыру мақсатында ҚР Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 «Даму институттарын, қаржы ұйымдары мен ұлттық экономиканы дамытуды басқару жүйесін оңтайландыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» жарлығымен құрылды.

Естеріңізге сала кетейік, 11 қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында бірқатар сын-ескертулер мен нақты тапсырмалар берген болатын. Сонымен қатар отырыс барысында Президент «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ басшылығына өткір сын айтып, Қ. Бишімбаевқа бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, аталған банктің басшылық қызметкерлері миллиондаған теңге жалақы ала отырып, «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында пәтерлерді жеңілдікпен сатып алған. «Маған жаңа баспана төрағаға, оның орынбасарларына, банктің Алматыдағы филиалының директорына, оның ағасына, департамент директорына, оның апайына бөлінгендігі туралы анықтама берді. Банктің басқарушы директоры, оның ағасы, сондай-ақ кейіннен пәтерді үшінші тұлғаға сыйға тартқан ұлы баспана алған. Мен уақытымды шығындап мынау далбасаны істер іс болмағаннан кейін тізбектеп атап отырғаным жоқ. Мен қарап отырмын, банктің жеңілдікпен пәтер алған 20-дан астам қызметкері бар. Біз сонда банкті оның қызметкерлері үшін құрдық па?» - деді Елбасы.

Қ. Бишімбаевтың айтуынша, бағдарламаға өзгерістер енгізу қажет. «Біз бұл мәселені осы бағытқа басшылық ететін барлық мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс атқаратын боламыз. Пәтер бөлу кезінде әлеуетті бағдарламаға қатысушыларда баспанасының болмауы және тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж болуы секілді факторлар ескерілетін болады», - деді ол. Баспанасы бар тұрғындар екінші кезекте қарастырылады. Банк басшылары мен олардың туыстарын «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына қатысуын шектейтін шаралар қарастыру туралы тапсырма берілген болатын және бұл тапсырмалар қазір орындалуда. Бұл міндетті орындау «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ жаңа басшысы Айбатыр Жұмағұловқа жүктелді.

Соңғы жаңалықтар