Түрік археологтары 37 византиялық кеме тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Техас университетінің Теңіз археологиясы институтының ғалымы, ұлты түрік Кемаль Пулак Ыстамбұлдағы Йеникапы кемежайының ауданында табылған Византия империясы уақытындағы кемелерді зерттеу нәтижелері туралы баяндады, деп хабарлады «Росбалт».
2004 жылдан бері түрлі дәуірлерге жатқызылған (V-XІ ғасырлар аралығы) 37 кеме табылған.
«Йеникапы шағын еспелі кемелер, балықшылар қайығы, қызметтік, тіпті әскери-теңіз кемелерді қоса алғанда оның барлығы тікелей Византия империясының астанасы Константинопольдің өзінен. Жақсы сақталған осынша кемелерді бір орыннан табу бұған дейін болмаған жағдай», - деп атап өтті Пулак.