Түрік бизнес қауымдастығы Қазақстандағы инвестициялық белсенділігін жалғастырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Анкарада Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаев Түркияның Экономика министрлігі жанындағы Сыртқы экономикалық байланыстар комитетінің (DEİK) басшылығымен кездесті.

Түрік бизнес қауымдастығы Қазақстандағы инвестициялық белсенділігін жалғастырады

«DEİK басшылығы екі елдің арасындағы инвестициялық ынтымақтастығының жоғары деңгейде екендігін, сонымен қатар ҚР Инвестиция және даму министрлігінің 2015 жылы Қазақстанға инвестиция құюдан ең белсенді 10 компанияның ішіне түркиялық үш инвесторды қосқаны туралы жайтты ризашылықпен айтып кетті», делінген баспасөз хабарламасында.

«Біз екі елдің арасындағы екіжақты инвестициялық ынтымақтастығының жиілігіне ризашылық білдіреміз. Үш түрік компаниясының 2015 жылғы Қазақстанның индустриясына үлес қосқан ең үздік 10 шетел инвесторының қатарында болуы - Қазақстан мен Түркия арасындағы бар белсенді ынтымақтастығының ашық дәлелі болып табылады», - деп DEİK басшылығы атап өтті.

Ж.Түймебаев түрік тарапын 2016 жылы да Қазақстандағы инвестициялық белсенділігін сақтауға шақырды.

2015 жылы Қазақстанның Инвестициялар және даму министрлігі Қазақстандағы белсенді инвестициялық қызметі үшін 10 шетелдік инвесторды белгіледі. Олардың ішінде - 3 компания Түркиядан. Олар: «Anadolu Beverage Group» компаниясы («Coca-Cola Icecek A.S.»), «Coca-Cola» корпорациясының сату көлемі бойынша бесінші үздік компаниясы; ВТМ Group компаниясы гидроизоляциялық және жылуизоляциялық құрылыс материалдарын өндіріп шығаратын компания; Abdi Ibrahim дәрілік заттарды өндіріп шығарады.

Еске сала кетсек, DEİK - Түркияның жеке бизнес секторының басқа елдермен жүргізетін экономикалық, сауда, индустриялдық және қаржы қарым-қатынастарын реттейтін ұйым ретінде бекітілген болатын. DEİK-тің құрамында: 99 құрушы институт, 127 бизнес кеңес, сонымен қатар аталғандардың тек ұйымның жанында ғана 2 мыңнан астам өкілі бар.