Түрік дәрігерлері мидағы ісікке пышақсыз ота жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түрік дәрігерлері мидағы ісікке пышақсыз ота жасап, Паркинсон ауруын емдеу үшін адамдарды өз елдеріне шақырып отыр.

Түрік дәрігерлері мидағы ісікке пышақсыз ота жасады

Түркияның бірнеше қаласында орналасқан емдеу орталықтарының мамандары кез келген дерттен айықтыруға қауқарлы. «МедикалПарк» клиникасында кардиохирургия, онкология, трансплантациялау, жілік майын ауыстыру секілді қызметтер жолға қойылған.

Астаналық Еркін Бейбітхан - апластикалық анемияның ауыр түріне шалдыққан 3 жасар қызына ем іздеп Түркияға барған отандастарымыздың бірі. Шамамен бір жыл кезекте тұрып, шетелде емделу үшін мемлекеттік квота күткен жас отбасы ақыры Ыстамбұлдағы клиникаға жеңілдік алған.

"Баламды 5 ай дайындады. Менің жілік майымды алып, ауыстырды. Осыдан 3 жұма бұрын жасады. Енді нәтижесін күтіп отырмыз. Менің клеткаларымның қызымның денесінде өсіп-жетілуін күтіп отырмыз»,-дейді ол.

Еркін сынды талайға үміт отын ұялатқан - «МедикалПарк» клиникалар желісі. 1995 жылы Түркияда іргесі қаланған орталықтың 2 аурухана кешені, 13 клиникасы мен 2 медицина орталығы бар.

"Әлемге әйгілі «МедикалПарк» емханалар жүйесі кездесетін дерттің 90 пайызына жуығын емдеп, науқастың сауығып кетуіне барын салатын санаулы мекемелердің бірі. Бұл клиниканың басты ерекшелігі мидағы ісікке пышақсыз ота жасалады. Науқастар алдымен қаралып, кейін арнайы қондырғы орналасқан жерге жіберіледі. «Gamma knife» немесе сәулелі пышақ деп аталатын құрылғы арқылы мидың сыр берген қабатына бірден 300 сәуле түсіріледі. Операция толығымен мамандардың бақылауында болады. Егер барлығы ойдағыдай өтсе науқас бірден үйіне жіберілуі мүмкін.

Түрік мамандары Паркинсон ауруын емдеу үшін ағзаға арнайы батарея орнатып, адамның қимылын ширақ етеді, деп хабарлайды КТК.