Түрік дипломатының қызы Бакуде 10-қабаттан секіріп кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бакуде түрік дипломатының қызы оқу орнында туындаған жағдайлар салдарынан 10-шы қабаттан секіріп кетті. Қайғылы жағдай Сарабский көшесінде орын алды, деп жазды newsru.com.

Түрік дипломатының қызы Бакуде 10-қабаттан секіріп кетті

 «Осы мекенжайда тұратын 15 жастағы Түркия азматшасы Гюнляр Шавваль 10-шы қабаттан секіріп кетті», - деп хабарлады АРА агенттігі. Жергілікті БАҚ деректеріне сәйкес бойжеткен лицейде бір күнге сабақтан шеттетілген.

Әзербайжан полициясы қылмыстық іс қозғады. «Интерфакс» деректеріне сәйкес қаза тапқан қыз - Әзербайжандағы Түркия Елшілігінің қызметкері Гюнлер Арсланның қызы.