Түрік этномәдени орталығы Астанада қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ахыска» түрік этномәдени орталығы Астана қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен зағип жандарға арнап мерекелік кеш ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілеме жасап.

Түрік этномәдени орталығы Астанада қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

«Зағип жандардың ішкі рухы мықты болса, ол жақындарын сезуге, ішкі жылылықпен қабылдауға көмектеседі. Тағдырдың басқа салған сынына қарамастан көңілдеріңіз көтеріңкі, жүздеріңізден жылылық таймасын», - деді «Ахыска» түрік этномәдени орталығының төрағасы Аскер Пириев.

Іс-шараға қалалық «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты. Астана қаласының «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ерғали Бұхаровтың айтуынша, қазіргі күнде 1-2 топтағы көзі көрмейтін мүгедектер есебінде 488 адам тұр. Мерекелік шара Астана қаласының Достық үйінде өтті.