Түрік фильмі «Алтын пальма бұтағын» иеленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазылар алқасының шешімі бойынша, 67-ші Канн кинфестивалі «Алтын пальма бұтағының» лауреты болып түрік режжисері Нури Бильге Джейланның «Қысқы ұйқы» атты картинасы атанды, деп хабалайды шетелдік БАҚ.

Түрік фильмі «Алтын пальма бұтағын» иеленді

Фестивальдің Гран-при жүлдесі режиссер Аличе Рорвакер түсірген «Ғажайып» (Le Meraviglie) атты итальяндық-швейцариялық-неміс картинасына бұйырды. Бұл марапат аталған байқауда екінші мәртебеге ие. Жүлдені оған Софи Лорен табыс етті. Ресейлік Андрей Звягинцевтің «Левиафан» фильмі ең үздік сценарий үшін жүлделі болды. Ең үздік актерлер Тимоти Сполл («Уильям Тернер») мен Джуллиана Мур («Жұлдызды карта») атанды. Канн фестивалі биыл 14 мамырда басталып 25 мамырда аяқталады. Байқауға 18 картина ұсынылды.